Визитка, баннер, күнтізбе және басқа да полиграфиялық өнімдерді басып шығару, Алматы және Қазақстан бойынша жеткізу
Сізге киімге жаздыру,
тойға арналған полиграфия
немесе
бизнеске арналған бренд кәдесыйлар керек пе?
Бізге офсеттік және цифрлық
баспадан бастап окең форматты баннерлер мен авто жапсырмаларды басып шығаруға дейін кез-келген тапсырысты беруіңізге болады.
Кез келген полиграфиялық қызметті басынан
аяғына дейін жасап береміз — дизайн,
басып шығару, жеткізу және монтаж.
Ештеңе етпейді — сіздің идеяңызға қарай жеке шешім тауып береміз.
Бізге жазып, А3 ПРИНТ баспаханасынан кәсіби кеңес алыңыз!
Ештеңе етпейді — сіздің идеяңызға қарай жеке шешім тауып береміз.
Бізге жазып, А3 ПРИНТ баспаханасынан кәсіби кеңес алыңыз!
Бұл жәй сөз емес. Біз сіздің кез келген идеяңызды өзіңіз күткеннен де жақсы жасап бере аламыз.
Бір кездері біз жарнама агенттігі болғанбыз,
ал бүгін 16+ бірлік жабдығы бар өз технопаркіміз және басып шығару туралы бәрін білетін командамыз бар полиграфиялық орталыққа айналдық. Біз полиграфиялық трендтерге ілесіп отырамыз, жарты жыл сайын жабдықты жаңартып, жаңа технологиялар енгіземіз, өйткені бізге біздің клиенттеріміз, біздің клиенттеріміздің клиенттері нәтижеге риза болғаны маңызды
Жарнама-басып шығару кәсібінде 17 жыл бойы жүріп біз тек «ТТ бойынша басып шығармай», бизнестің мақсаттарына тереңірек үңілуді үйрендік. Біз сізге уақытыңызды, ақшаңызды, жүйкеңізді сақтайтын шешімдер ұсынамыз, және тапсырысты уақытында қолыңызға табыстаймыз. Адамдар бізге
жақын жандарға сыйлыққа беруге кенеп матаға сурет шығарудан бастап сәулет жобалары,
витриналарды сәндеу және маңдайшаларды әзірлеуге дейін кез келген күрделі
тапсырысты сеніп тапсырады.
Және бағасы мен таралымына
қарамастан А3 ПРИНТТЕ әр тапсырыс мінсіз орындалатынына күмәнданбасаңыз болады
10.000-нан аса орындалған тапсырыс пен оған дән риза клиент. Келесісі сіздің жобаңыз болуы мүмкін!
Жылдамдық, сапа, қызмет көрсеті — А3 ПРИНТті құрайтын үш кит
Өз технопаркіміз бізге баспаның жоғары сапасын, кез келген таралымды шығаруды, шұғыл баспаны ұсынуды және жедел тапсырыстарды 24 сағат ішінде жасап беруді қамтамасыз етеді. Біз клиенттеріміздің алтын уақытын бағалаймыз, сондықтан онлайн тапсырыс беріп, дайын өнімді үйден немесе офистен шықпай,
жеткізу қызметі арқылы алдыра аласыз
Әр жобаның артында 5 жылдан астам тәжірибесі
бар мамандар командасы тұрады. Графикалық дизайнерлер, басып шығарушылар, баспадан кейін жұмыс істейтіндер және менеджерлер – олардың әрқайсысы полиграфия нәтижесінің сапасы мінсіз шығуы үшін өз кезеңдеріне жауапты болады. Ал сіздермен байланысып отырған – сізге макеттен бастап өнімді жеткізгенге дейін қызмет көрсететін жеке менеджеріңіз.
Біз жұмыстарымызды тиімді бағаға ұсынамыз, және егер шарт жасасқан жағдайда төлемді өнім дайын болғаннан кейін аламыз
Бізге сенсеңіз жеткілікті, қалғанын өзіміз жасаймыз
Тапсырыстан нәтижеге дейінгі 6 қадам
1. Өтінім беру және кеңес алу
Онлайн өтінім қалдырыңыз немесе қоңырау шалыңыз — менеджер толық ақпарат алып, сұранысыңызға сай оңтайлы шешімді таңдап береді
2. Бағасын есептеу
Біз таралымын, материалдары мен мерзімін ескеріп, тапсырысыңыздың бағасын тез есептеп береміз
3. Дизайн және макетті тексеру
Біздің дизайнерлер макетті нөлден бастап жасайды немесе сіздің файлыңыздың техникалық талаптарға сәйкестігін тексеріп береді.
Маңызды ақпарат! Мәтін мен грамматика
түзетілмейді — мазмұнының соңғы нұсқасын бекіту жауапкершілігі
клиентте болады
4. Басып шығару
Жобаңызға қарай цифрлық, офсеттік, кең форматты басып шығару түрлері бар.
Баспадан кейінгі өңдеу: арнайы эффекттер қосу (лак, ламинация, голография және т.б.), сондай-ақ жинақтау, қаптау
5. Тапсырысты беру және жеткізу
Дайын өнімді офистен алып кетуіңізге болады немесе Қазақстан бойынша жеткізу қызметін пайдаланыңыз
6. Монтаж (қажет болса)
Сыртқы жарнама, көлікке жапсырма жапсыру және кең форматты басып шығару үшін біздің мамандар монтажды нысанға барып жасайды